Биыл Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Күләш Сәкиеваның туғанына 100 жыл (1920-2020 жж.).

Күләш Сырымбетовна «мектеп мұғалімі» мамандығы бойынша рабфакты бітірді. 1937 жылдан бастап 1941 жылға дейін Алматы театр училищесінде оқыды, режиссер Асқар Тоқпановтың оқушысы болған. Ол оқуын аяқтаған кезде қорытынды емтиханда Луизаның рөлінде (Ф.Шиллердің «Коварство и любовь») ойнады. Училищені аяқтағаннан кейін Жамбыл облыстық драма театрының актрисасы болды. М.Әуезовтың «Қарақыпшақ Қобыланды» спектаклінде Күникей рөлін сомдады. Еңлік (М.Әуезовтың Еңлік-Кебек), Баян, Қыз-Жібек (Ғ.Мүсіреповтің «Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу» және «Қыз-Жібек») рөлдерін сомдады. Ұлы Отан соғысы кезінде тыл еңбеккерлері мен жараланған сарбаздардың алдында өнер көрсетті.

image-521-633.jpg

1952 жылы Семей музыкалық-драма театрына ауысты. Оның мансабының өркендеуі осы театрмен байланысты және осы сахнада жүзден астам жанрлық рөлдерде ойнады. Осы жерде ол Жүзтайлақ (М.Әуезовтың «Түнгі сарын»), Анар (Ә.Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман емес»), Ақтоқты, Қамқа (Ғ.Мүсіреповтің «Ақан Сері-Ақтоқты» және «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу»), Мехмэн Бану (Назым Хикметтің «Махаббат туралы аңыз») бейнелерін шебер сомдады. Актрисаның драмалық шеберлігі мен музыкалық талантының үйлесімі Шолпан (М.Әуезовтың «Айман-Шолпан»), Майра (Ә.Тәжібаевтың аттас спектаклінде), Ақжүніс (Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын») рөлдерінің орындауында ерекше көзге түсті. Музыкалық драмаларда ойнады.

Күләш Сырымбетовна 60-қа жуық ән мәтінінің авторы. Сахнада 70 жылдан астам уақыт өнер көрсете отырып, ол көптеген қазақ әртістерін тәрбиеледі. Саяси қызметке белсенді қатысты. 1955 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-ші шақыруының депутаты болып сайланды. 1971 жылы Қазақстан Коммунистік партиясының XIII съезіне қатысты.