Дәстүр бойынша ақпан айында «ҚЗТҚО» КММ Денсаулық күнін өткізеді. Архив ұжымы өткен демалыс күндері шаңғы базасына барды. Қарағай орманында бізді жылы ауа-райы, ақ қар, таза ауа қарсы алды.

image-522-634.jpg

Біреулер биік төбелерден сырғанауды ұнатса, басқалар шаңғы тепті. Шаңғымен үш километрлік жүгіріске директор Б.Т.Мусин, біздің ардагер жұмысшы Е.Рахимбердинов және жас қызметкер М.Абдолдинов қатысты.

Жарасымды әзілдер, күлкі мен таза ауа бір аптаға жағымды эмоциялармен қуаттандырды.

image-522-635.jpg