ҚазИГЗУ гуманитарлық факультетінің 4 курс студенттері кезекті рет «ҚЗТҚО» КММ-де диплом алды тәжірибесіне келді. ҚЗТҚО директоры Б.Т.Мусин университет оқытушылары мен студенттерін құттықтап, орталықта сақталған қорлар туралы айтып, архивтің тарихи маңыздылығына баса назар аударды.

 image-523-636.jpg

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ.Қадырова құжаттармен жұмыс істеудің ерекшелігі туралы айтып, 1917 жылдан бастап ҚЗТҚО сақталған газет қорымен таныстырды, ҚЗТҚО шығарған тақырыптық құжаттар жинағын көрсетті. Студенттер назарына «Сахна саңлағы – Күләш Сакиеваның туғанына 100 жыл», «Абай мұрасы архив деректерінде» және «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына 100 жыл!» атты көрме ұсынылды.

image-523-637.jpg

Ертеректе архив жұмысына қолданылған түрлі жабдықтардың экспонаттары қойылған музей бұрышы алғаш рет ұйымдастырылып, студенттер назарына ұсынылды.