2020 жылдың 25 ақпанда «ҚТҚО» КММ оқу залында "Прииртышье" өлкетану қоғамының төрағасы М.Е.Сасанов салтанатты түрде қаланың тарихи бөлігінде орналасқан және бұзуға арналған ескі үйлердің бірінің шатырынан табылған негативтерді мемлекеттік сақтауға тапсырды. Бұл өткен ғасырдың 50-ші жылдарындағы қаланың келбеті бейнеленген бірегей фотосуреттердің негативтері. Өлкетанушылар сурет 1955-1960 жылдар аралығында жасалғанына сенімді. Фотосуреттердің авторын өлкетанушылар әзірге анықтай алмады, бірақ бұл жұмыс жалғасуда. 500 негатив архив фотоқорынан лайықты орнын тапты.

 image-524-640.jpg

image-524-641.jpg

Осы шараға Семей қаласының бизнес және сервис колледжінің студенттері, архив қызметкерлері, «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшелері, Семей қаласының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

image-524-638.jpg

image-524-639.jpg