Ф.М.Достоевский атындағы мемлекеттік орыс театрының бас суретшісі Виктор Федорович Шмидт 60 жасқа толды. Ол Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген. Лениногор көркемсурет мектебінде оқытушы, Семей облыстық бейнелеу өнері мұражайында экскурсия жетекшісі, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының, Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайының суретші-безендірушісі болып жұмыс істеді. 2004 жылдан қазіргі уақытқа дейін Виктор Федорович – Шығыс Қазақстан облысының М.Достоевский атындағы мемлекеттік орыс драма театрының бас суретшісі.

1986 жылдан бастап топтық және жеке көрмелердің қатысушы. Көрмелер Семей, Өскемен, Новосібір, Елабуга қалаларында өтті, көптеген халықаралық фестивальдер мен көрме жобаларының дипломанты. Оның еншісінде ондаған жеке көрмелер мен театр қойылымдары, 500-ден астам суреттер мен көптеген декорациялар бар.

В.Ф.Шмидттің шығармалары Қазақстан, Ресей, Украина, Германия, АҚШ-тағы мұражай және жеке жинағында бар.