Қазақ КСР еңбек сіңірген ұстазы, Қазақ КСР Журналистер Одағының мүшесі Садық Касиманович Касимановтың туғанына 115 жыл толды.

Садық Қасиманов – музыкасын композитор Б.Ерзакович жазған 11 қазақ әндерінің авторы. Ол тіл білімі, Абайтану, этнография, тарих, педагогика саласы бойынша республикалық, облыстық және аудандық газеттерде жарияланған 200-ден астам мақалалардың авторы. Садық Касиманович қазақ тілінен басқа орыс, қырғыз, татар, өзбек тілдерін меңгерген, аздап парсы және араб тілдерін білген.

С.К.Касимановтың шығармашылығының көбі негізінен балаларға арналған. Балаларға арнап көптеген әңгімелер, ертегілер, жұмбақтар жазған. 2000 жылы ағасы Жошыхан Касиманов оның «Жұмбақтар» деп аталатын жұмбақтар жинағын  жарыққа шығарды.

Педагогикалық қызметтегі көп жылдық еңбегі үшін Садық Касиманович «Қазақ КСР Еңбек сіңірген ұстазы» және «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» атақтарына ие болды, сондай-ақ «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

«ҚЗТҚО» КММ-де мемлекеттік сақтаудағы құжаттардың арасында С.К.Касимановтың «Қазақ халық колөнері» (қазақ халқының қолданбалы өнері) кітабының машинкамен басылған нұсқасы үлкен қызығушылық тудырады. Кітап Садық Касимановичтың Қазақстанның мұражай топтамаларын, республикалық халық шығармашылығы үйінің архив деректерін, көрме материалдарын зерттеуі мен көпжылдық бақылауларының негізінде құрастырылған. Кітаптың мазмұны кіріспеден, оюлар мен өрнектер, былғарыдан жасалған заттар, кесте және көркем кестелеу, тастар мен сүйектен жасалған материалдарды өндіру, тері илеу өнері тарауларынан тұрады. Кітап 1968 жылы жарыққа шығып, Қазақстанға үлкен тиражбен таралды.