Өлкетанушы Виктор Николаевич Кашляк КСРО және ҚР журналистер Одағының мүшесінің жеке қоры толтырылды. Мемлекеттік сақтауға алынған өлкетану картатекасында Семей облысы және Семей қаласының тарихы туралы мәліметтер бар. В.Н.Кашляк осы картотекаға Қазақстан және Ресей архивтерінде, кітапханаларда көптеген жылдар бойы жиналған деректерді, кітаптары мен басылымдары үшін пайдаланды.

image-535-659.jpg

Құжаттар 3 бөлімнен құралған: өлкетану,  есім және кітаптар картатекалары.

Семей қорғаны мен Семей қаласының құрылысы, шіркеулердің, мешіттердің, ауруханалардың ашылуы мен жабылуы, білім беру ұйымдарының ашылуы, қайта құрылуы, мәдени мекемелердің тарихы, баспахана, банктер, несие және жинақ кассалары, соттар, экспедициялар, Семей облысына келген саяхатшылар мен зерттеушілер, босқындар, қоныс аударушылар және жер аударылғандар, қалада болған табиғи құбылыстар туралы  «Өлкетану картатекасында»  мәліметтер бар.

«Атаулар картатекасы» бөлімінде ғылым, мәдениет, құрылыс және қала мен облыстың басқа да салаларының дамуына үлес қосқан азаматтар туралы ақпараттар  бар.

Қазақстан тарихы, Семей губерниясы, облыс және Семей қаласы туралы кітаптар мен брошюралардың атаулары бар: әртүрлі салалар, сауда, ауылшаруашылығы, ауа-райы қызметі бойынша анықтамалық материалдар, конгресстердің, конференциялардың, жиналыстардың, статистикалық анықтамалықтардың, баяндамалар мен рефератта,  санақ нәтижелері «Кітаптардың картотека» бөлімінде көрсетілген.

2015 жылы В.Н. Кашляк дүниеден өткеніне қарамастан, сол кісінің жеке қоры, оның жұбайы Наталья Вадимовнамен толықтырылып отыр.

Біз өз ризашылығымызды білдіре отырып, одан әрі ынтымақтастыққа үміт артамыз.