Қазақстандағы көне архивтердің бірі – Семей облысының мемлекеттік архивне, қазіргі таңда Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына 2020 жылдың 29 наурызында100 жыл толды.

Осы атаулы оқиғаға орай «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына – 100 жыл» атты көрмесі ұйымдастырылды.  Көрермендер архив тарихымен танысуға, губерниялық архив қорының бірінші меңгерушісі Н.Я.Коншиннің фотосуретін, әр кезеңде жұмыс істеген қызметкерлердің, архив қоймасы мен архив ғимаратының фотосуреттерін көруге мүмкіндік алды. Экспозицияға орталықта сақталған губерниялық архив қорын құру туралы бірегей құжаттар енгізілген.