Кеңес халқының неміс-фашистік басқыншылармен Жеңісінің 75 жылдығы қарсаңында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құжаттары мемлекеттік сақтауға түсті:

image-541-664.jpg

Башилов Константин Николаевич 1918 жылы Семей облысы Новошульба ауданы Жерновка ауылында дүниеге келген. Майданға Белағаш аудандық әскери комиссариатымен шақырылды. 25 Армияның 393 атқыштар дивизиясының 519-ші артиллериялық полкінің штаб батареясын барлау батальонының аға сержанты, командирі. 519-ші артиллериялық полкінің 1945 жылдың 18 қыркүйегіндегі бұйрығынан: «... қиын таулы жерлерде ұзақ марш жасап, басшылық етті және тәртібімен ерекшеленді, бөлімді шебер басқарып, жауынгерлерді алға қойған міндеттерді орындауға бағыттады. Сеніп тапсырылған жауынгерлік мүлікке адал қарап, оны үнемі жауынгерлік дайындықта ұстап отырды». «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.