Камен Оразалинге 100 жыл

Жазушы, педагог, Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері, жерлесіміз Камен Оразалиннің туғанына 100 жыл толды.

image-542-665.jpg

Камен Оразалин 1920 жылы 16 маусымда Семей  облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданында дүниеге келген. Сұрапыл соғыс жылдары сержанттан взвод командиріне дейін жетті, үш рет ауыр жараланды. Жауынгерлік қызмет іүшін К.Оразалин медальдармен, III дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1947 жылы Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітіріп, Қарауыл ауылындағы Абай атындағы мектепке жұмысқа қабылданды. Ол отыз жылдан астам уақыт бойы осы салада еңбек етіп, жас ұрпақты тәрбиеледі, сол үшін оған «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» құрметті атағы берілді.

1950 жылы оның «Жексен» повесі жарыққа шықты. Бұл шығарманың негізгі тақырыбы – Сталинград шайқасы болды. «Ақ жазық» романы тың игерушілердің ерліктері туралы баяндайды.

Камен Оразалин Абай Құнанбаев туралы материалдар жинаған М.О.Әуезовпен бірнеше рет кездесті. Оразалиннің қаламына автор өз шығармашылығында басты деп санайтын М.Әуезовке арналған «Абайдан соң» атты кітабы тиесілі.

Камен Оразалиннің өмірі және шығармашылығымен ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «ҚЗТҚО» КММ газет қорында сақталған «Ертіс Өңірі, «Рудный Алтай», «Совхоз туы» газеттерінде таныса аласыздар.