Ғасырғажеткізген жол

Біздің өлкеміздің, Семей қаласының, ұрпақ тарса бақта стығының тарихын сақтауда мемлекеттік архив маңыздыорын алады. Қазіргі таңда бұл Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2020 жылынаурызда Семей архивіне 100 жыл толды. Ұлт естелігін сақтауда және тарихи зерттеулерге арналған базаны қамтамасыз ету ісінде архивтің рөлі өте зор. Міне, бірғасыр бойы біздің қала архивінің қабырғасында әртүрлі кезеңдердегі оқиғалар мен адамдар туралы тарихи мәліметтер жинақталып, өңделуде және ұқыпты сақталуда.

Архив қызметкерлері уақыттың құжаттық дәлелдерін жинақтап, сақтауға бар күшін салуда. Олар өз істеріне адал, біз үшін өткен мен бүгінгіні біріктіретін, яғни, біздің болашағымыздың іргетасын қалыптастыратын нағыз патриоттар мен кәсіпқойлар.

ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ –Семей облысының тарихы бойынша құжаттарды сақтаудың бірегей орталығы болып табылады.

ҚЗТҚО-да сақталған мыңдаған қор – бұл Семей Ертіс өңірінің тірі тарихы. Қор материалдарынан бізСемейдің Қазақстанның өнеркәсіптік, сондай-ақ мәдени орталығы ретінде қалыптасуы мен дамуының жарқын беттерін көруімізге болады.

Құжаттарда – бірінші бесжылдықтың ең үлкенқұрылыс жобалары – Түрксіб, «Восточное кольцо» жолы, Ертіс бойындағы өнеркәсіп алпауыты – Ет консерві комбинатының құрылысы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жерлестеріміздің батырлық, жауынгерлік және еңбектегі ерліктері, майдан мен тыл арасындағы берік байланыс, соғыстағы жерлестерге азық-түлік және киім-кешекпен көмек көрсету жайлы көптеген әсерлі деректер бар.

Қаланың тамаша қонақтары – көрнекті қазақ жазушысы М.О.Әуезовпен, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевпен, жазушы Ф.М.Достоевскийдің немересі А.Ф.Достоевскиймен, көркем мұражайдың негізін қалаушылар Невзоровтар отбасымен, жазушы және қоғам қайраткері О.Сулемейновпен болған кездесулерден сақталып қалған фотосуреттер, киноқұжаттар, аудиожазбалар ерекше әсер қалдырады.

Бүгінгі таңда архив Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын зерттейтін отандық және жақын шетел зерттеушілерінің назарын аудартатын, құрамы жағынан жан-жақты және жоғары ақпараттандырылған құжаттар кешені болып отыр.

Архивте араб және латын графикасын қолдана отырып, қазақ тілінде жасалған құжаттарға сандық және сапалық талдау жүргізілгенін атап өтумаңызды. Қазір бұл құжаттар ғылыми-зерттеу тәжірибесінде кеңінен қолданылуда, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, теле-радиохабарлар барысында қазақ тіліндегі құжаттар кеңінен насихатталуда.

image-550-677.jpg 

«Авиценна» жоғары медициналық колледжі» Білім мекемесініңұжымы Жамал Бейсенгажиевна Оксумбаева басшылық етіп отырған толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің қызметкерлерімен – тәжірибелі архивші Лаура Айгалиевна Султанбековамен бірігіп тығыз қызмет жасасуда.

Кез-келген ұйымның, мекеменің сәтті жұмыс істеуі үшін құжат айналымының дұрыс ұйымдастырылуы өте маңызды. Толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің қызметкерлері іс-қағаздарын жүргізу сапасын арттыру мақсатындаіс жүргізу қызметі мен ведомстволық архив қызметкерлері үшін оқыту семинарларын өткізеді.

 image-550-678.jpg

Толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің басшысы Ж.Б. Оксумбаева менархивші Л.А. Султанбекова семинарда тыңдаушыларды қазіргі заманғы іс қағаздарын жүргізу және архив ісінің нормативтік-құқықтық базасымен, сондай-ақ, осы тақырып бойынша слайд-презентациякөрсету арқылы істер номенклатурасын құру және істерді сақтау тәртібімен таныстырды.

Құжат айналымы, ведомстволық сақтау құжаттарын сақтау және пайдалану, заңды және жеке тұлғалардың әлеуметтік-құқықтық сұраныстарын орындау саласында көптеген мәселелер көтерілді. Нормативтік базаның заманауи талаптарына сәйкес құжаттарды ғылыми-техникалық сараптамадан өткізу бойынша ұсыныстар жасалды.

 

Архив қызметкерлері колледж ұжымы үшін жүйелі түрде іс жүргізу номенклатурасын дұрыс басқару жөнінде архивте де, оқу орны қабырғасында да қажетті кеңестер беріп отырады, архив ісі саласындағы жаңа нормативтік-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етеді. Архив қызметкерлерімен тығыз ынтымақтастықтың арқасында колледжде іс жүргізу қазіргі заманғы талаптарға сәйкес нормативтік негізде жүргізілуде.

Біздің колледждің оқытушылары мен білім алушылары ғылыми-зерттеу жұмыстармен белсенді айналысады және архивке жиі барып тұрады.

Архив қызметкерлері қажетті материалдарды тауып қана қоймай, балаларды сыни тұрғыдан қайта өңдеуге үйрететінін де атап өткен жөн. Өйткені, кез-келген зерттеу жұмысын бағалаудың басты критерийі – өз ойын жеткізе білу, белгілі бір оқиғаларға өзіндік баға беру мүмкіндігі болып табылады.

Қаламыздың архившілері барлығын халық есінде сақтаушылардың жинаушысы болуға шақырады. Шынында да, қазіргі қиын уақытта біз бүкіл тарихи және әлеуметтік құрылымның жойылып бара жатқанына куә болып отырмыз, және бәріміз «ұмытшақтық қатеріне» душар болдық.

«Мемлекеттік идеология мен өмір салтынан бастап көшелер мен ас үй жабдықтарының пайда болуына дейін бәрі ұмытылады. Жаңа ұрпақтың өткен өмір туралы білмеуі толығымен өзара түсінбеушілікке айналуы мүмкін» (С.Гандлевский).

Дәл осы архивте, оның керемет қызметкерлерінің қолында әртүрлі ұрпақтарды байланыстыратын тізбекбар. Мұрағат – бұл кешегі ізашарымызға тиесілі өткен күндердің ізі ғана емес, бұл біздің ертеңгі күніміз, ұрпақтардың бізді қандай көруінде.

«Авиценна» жоғары медициналық колледжі» БМ оқытушылары мен білім алушылары Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының басшылығы мен бүкіл ұжымына ерен еңбектері үшін, өз жұмысына деген шығармашылық және рухани көзқарасы үшін, өз өлкесі мен адамдарына деген сүйіспеншілігі мен өскелең ұрпақтың тарихты зерделеуге қызығушылық танытуға қосқан үлесі үшін үлкен ризашылықтары мен алғыстарын білдіреді! 

 

Митрофанова Елена Венаидовна, тарих пәнінің оқытушысы, әдіскер
«Авиценна» жоғары медициналық колледжі» Білім мекемесі