«ҚЗТҚО» КММ-де  «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметіне айтарлықтай көңіл бөлінеді. Пандемия кезінде мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің архившілерімен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету және қажетті құжаттарды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік архив мамандары 4616 әлеуметтік-құқықтық сұранысты орындалды.

image-551-683.jpg

«ҚЗТҚО» КММ әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандарымен үнемі байланыста, мұндағы ынтымақтастықтың бір формасы – оқу семинарлары  болып табылады.

image-551-684.jpg

2020 жылғы 22 маусымда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Семей қаласының №2 бөлімінің ХҚКО инспекторлары үшін онлайн-семинар өтті. Семинар барысында «ҚЗТҚО» КММ мамандары қатысушыларды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережелерімен таныстырды.

image-551-685.jpg

Архившілер желілер мен сайттар арқылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету туралы халықты ақпараттандыру бойынша іс-шаралар жүргізуде.

«ҚЗТҚО» КММ сайтының «Сіздің сұранысыңыз орындалды ма?» бөлімінде өтініш берушілер сұраныстарға жауаптың дайындығы туралы мәлімет алады.

image-551-686.jpg