ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Министерство культуры и спорта РК

Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Ұлы Абай күнімен құттықтады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 10 тамыз – Ұлы Абай күніне орай қазақстандықтарды құттықтады.

"Құрметті отандастар!

Қадірменді әріптестер!

Бүгін 10 тамыз əлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханиятының темірқазығы – Абай Құнанбайұлының туған күні.

Халқымыз осы қуанышты күндіүлкен құрметпен қарсы алғалы тұр. ОсылайшаХакім Абайға, ұлт мәдениетіне құрметкөрсетуді жалғастыра береміз.

Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмайтын темірқазық іспетті»,- деп алдағы бағыт-бағдарымызды көрсетіп берген болатын. Ендеше біз осы сөзді санаға сіңіріп, қашанда үлгі етіп отыруымыз керек.

Ал Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты концептуалды мақаласында: «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады»,-деп дара перзенттің даналық орнын айқындап көрсеткен еді.

Расында ұлы ақын өз шығармаларында насихаттағанеңбексүйгіштік, білімге деген құштарлық,ізгілік пен парасатқа зейін қойып, тәрбие алу – бүгінгі ұрпақтарының алдында тұрған міндеттің бірі. Сайып келгенде, бұл тек биыл ұлы ақынның 175 жылдығында атқарылатын шаруа емес. Осы жылдан бастау алып, Мəдениет жəне спорт министрлігінің негізгі идеологиялық бағытына айналады.Хакім Абай айтқан ізгі құндылықтар өміршеңдігін жоймақ емес.