«ҚЗТҚО» КММ қызметкерлері Түркістан-Сібір теміржолының 90 жылдық мерейтойына орай «Түрксіб теміржол құрылысына – 90 жыл» атты фотокөрме ұйымдастырды. Көрме материалдары КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығының негізгі құрылыстарының бірінің барысын көрсетеді.

image-558-710.jpg

image-558-711.jpg

image-558-706.jpg

1927-1930 жылдары салынған теміржол Сібір мен Орта Азияны жалғады. Семей станциясынан шығатын трассаның бірінші буынын төсеу 1927 жылдың 15 қыркүйегінде басталды. 1929 жылы 10 мамырда Семейден Сергиопольге (Аягөз) дейін алғашқы тұрақты жолаушылар пойызы өтті. Магистралды пайдалануға беру КСРО-ның  халық-шаруашылық жоспарларын орындап қана қоймай, сонымен қатар біздің өлкеміздің экономикасын дамытуға да ықпал етті.

image-558-707.jpg

Көрмеге қойылған фотосуреттер Түрксібтің құрылу тарихы туралы баяндайды, сондай-ақ келушілердің назарына «Түркістан-Сібір темір жолын пайдалануға беру туралы акт» ұсынылады.

image-558-708.jpg

image-558-709.jpg