Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Михаил Михайлович Беляевтің туғанына 95 жыл (1925-2007 жж.)

М.М.Беляев Башқұрт Республикасының Алаш ауданында дүниеге келген. 1941 жылы отбасымен бірге Семей қаласына көшірілді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1955 жылы Одесса көркемсурет училищесін бітірді. Студент кезінде Одесса облыстық көркемсурет көрмесіне қатысты. 1957 жылы Семей облыстық бейнелеу өнері конкурсында бірінші орын алды, одан кейін Михаил Михайловичтің жұмысы Мәскеудегі Бүкілодақтық көркемсурет көрмесіне қойылды. 1960-1980 жылдары ҚазИЗО шеберханаларында жұмыс істеді және онымен қатар баспада көркемдік қызметпен айналысты. 1990 жылдары көркем-өндірістік шеберханаларда (ХПМ) еңбек етті.

Шебердің шығармашылығында үш жетекші тақырып бар. Жұмыстың бүкіл циклі солтүстікке арналған. Ертіс өңірі табиғатының сұлулығын ашатын жеке картиналар сериясы «Родные просторы» деп аталды. Бірақ Беляевтің сүйікті мотиві – «ескі» Семей болып қала берді, оның тыныш көшелері, тарихи орындары, табиғаты әсем жерлері. Михаил Михайлович – «Семипалатинская старина» жинағының және «Улица Достоевского» кітапшасының авторы. Оның есебінде бірнеше жеке көрмелері бар. Беляевтің жұмыстары Абайдың республикалық тарихи-мемориалдық музейде, Ф.М.Достоевский атындағы музейде, Қазақстан, Украина, Ресей, Қытай, Англия, АҚШ жеке коллекцияларында сақталған.