29 қыркүйекте «ҚЗТҚО» КММ қызметкерлері Л.Қ.Қадырова, А.Н. Мұсаханов, Н.В.Яковлева Қазақстан халықтарының достығы үйінде өткен «Летопись славных свершений» атты үш томдық кітабының тұсаукесеріне қатысты. Бұл басылымды «Хак» татарлар мен башқұрттардың Ертіс өңірі» Одағы Ассоциациясының және татар өнер мектебінің тапсырысы бойынша белгілі журналист Виктория Купцова дайындаған және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына, Татар АССР құрылуының 100 жылдығына және қала күніне арналған.

 image-562-716.jpg

Іс-шараға «Ертіс өңірі» өлкетану қоғамының, бұқаралық ақпарат құралдарының, этномәдени орталықтардың, Семей қаласының музейлері мен кітапханаларының өкілдері қатысты.

 image-562-717.jpg

Фойеде Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы құжаттар жинағының көрмесін ұсынды.

 image-562-718.jpg

Архивші Н.В.Яковлева архив пен татар өнер мектебінің арасындағы ынтымақтастық туралы айтты. Іс-шара жылы және достық атмосферада өтті.

image-562-719.jpg