Семей қаласындағы аспалы көпірдің іске қосылғанына 20 жыл толды

16 қазанда 2000 жылы Ертіс өзенінің үстінен өтетін аспалы көпірдің құрылысы аяқталды. Көпірдің ұзындығы 750 метрді құрайды.  Жоспарын жапондық «IHI» және түріктің «Аларко Алсим» фирмасы құрастырған.  

image-566-730.jpg

 Сейсмикаға төзімді көпір-Семей қаласының ең әдемі құрылыстарының бірі. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы Н.Назарбаев келіп, Жапония компаниясының менеджері Т.Мацузава мырзамен Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің көк лентасын қиды. 

image-566-731.jpg

image-566-732.jpg

Автомобиль қозғалысының 6 жолағы ескі көпірді де, ел ішіндегі жолдарды да, халықаралық жолдарды да түсіруге мүмкіндік берді.

image-566-733.jpg