2020 жылдың 19 қазанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің №1 бөлімінде оқыту семинары өтті. Семинар барысында «ҚЗТҚО» мамандары семинар қатысушыларының назарына келесі тақырыптарды ұсынды: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығымен бекітілген Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің жаңа қағидаларының мазмұны; Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын: ҚР мемлекеттік архивтерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қоюға, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру.  

image-568-735.peg

ХҚКО қызметкерлерімен «ҚЗТҚО» КММ-де сақталатын жеке құрам бойынша құжаттардың ерекшелігіне қатысты мәселелер, жаңа ережелер мазмұнының ерекшеліктері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ШҚО филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімшелерінде «Egov» ЭҮП арқылы сұраныстар жіберетін ХҚО мамандары құжаттарды бастапқы қабылдау кезінде қызмет алушылардың өтініштерді толтырудың дұрыстығы туралы ұсыныстар мен ескертулер талқыланды. Электронды үкімет порталы арқылы және бір реттік парольді қолдана отырып, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз ету, ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасалды.

image-568-736.peg