Мемлекеттік сақтауға Қазақстан спорт журналистері Федерациясының мүшесі, Семей қаласындағы Қазақстан футбол музейінің басшысы Сәрсеков Станислав Сериковичтің құжаттары келіп түсті. Ол Ю.В.Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси ӘШҚҚ училищесінің түлегі, 22 жыл бойы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жүйесінде түрлі лауазымдық қызметтер атқарды. Подполковник. Запасқа шыққаннан кейін өз өмірін қазақстандық футбол мен хоккейге арнады.

1998 жылдан 2003 жылға дейін С.С.Сәрсеков «Елімай» футбол клубының баспасөз хатшысы болды, футбол матчтарына (1995-2005 жылдар) бағдарламалар әзірлеумен айналысты. 2000-2007 жылдар аралығында С.С.Сәрсеков – 1960 жылдың мамырынан бастап шығатын ең көне басылым белгілі «Футбол» (Ресей) апталығының меншікті тілшісі болды. Оның қазақстандық футбол туралы материалдары осы басылымның «жақын шетел» айдарында жарық көрді. «Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығы» маркетинг департаментінің маманы, 2016 жылы Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы ресми сайтының Статистика менеджері қызметтерін атқарды. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысының «Контакт-Спорт» спорт жаршысының тілшісі болып жұмыс істейді.

С.С.Сәрсеков ірі спорттық турнирлерді, соның ішінде Игры Доброй воли, хоккейден Бірінші арна Кубогын, хоккейден Әлем чемпионаттарын, 2011 жылғы Азия ойындарын, Қысқы Универсиада-2017 жарыстарын жариялап, қазақстандық клубтар мен Қазақстан құрамасының еурокубок матчтарынан тікелей оқиға орындарынан репортаждар мен аналитика жүргізді.

2017 жылы оның қатысуымен «Барыс-Аренада» (Астана) қазақстандық хоккей және «Спартак» (Семей) стадионында қазақстандық футбол музейі ашылды.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және әскери тәртібі үшін С.С.Сәрсеков 3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, Ленинград ӘШҚҚ училищесі түлегінің естелік медалімен, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, Әскери-теңіз флотының және әуе шабуылына қарсы қорғанысының мерейтойлық медальдарымен, «Қазақстан футболына 100 жыл» естелік медалімен, Ленинград ӘШҚҚ әскери-саяси училищесі ардагерлер Кеңесінің «В память о службе» медалімен марапатталды.