Ахат Құдайбердіұлының туғанына 120 жыл

2020 жылы қазақтың классик ақыны, аса-ірі ағартушы, ойшыл, композитор Шәкәрім Құдайбердиевтің ұлы, ақын, фольклоршы, шежіреші, ұстаз Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиевтің туғанына 120 жыл толды. 

А.Құдайбердиевтің ерекше еңбегі ретінде оның әкесі Шәкәрімнің ән мұрасын сақтау мен зерделеуге қосқан үлесін атап өткен жөн. Оның күш салуының арқасында Шәкәрімнің әндері 1989 жылы «Аманат» музыкалық-этнографиялық жинағы түрінде жарық көрді. Бұл басылым Шәкәрім әндерінің ғылыми зерттеулерінің негізін қалады.

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында 1982 жылы жарық көрген Ахат Құдайбердиевтің өлеңдер жинағы сақталуда. 203 беттен тұратын жинаққа 1915 жылдан бастап әр жылдары жазылған өлеңдер кірді. Осы шығарған өлеңдер жинағының баспа нұсқасын көзі тірісі кезінде автор жеке өз қолымен ҚЗТҚО-на мемлекеттік сақтауға әкеліп тапсырған.

Біз болашақ ұрпақтың Ахат Құдайбердиевті мәңгі еске сақтап, оның шығармашылығымен танысып, ата-бабаларымыздың мұрасын зерттеуге қосқан үлесін бағалағанын қалаймыз