Құрметті жерлестер!

Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен құттықтаймыз!

1 желтоқсан күні, 29 жыл бұрын, алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев ел президенті болып жарияланды.

image-577-746.jpg

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  қарқынды әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы бар мемлекеттің бірегей үлгісін жасаған, бәсекеге қабілетті мемлекет құру үшін бар күш-жігерін берген, қазіргі заманның аса көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткері. Сондықтан оның стратегиялық ойлауы мен көреген саясаты әлемдік көшбасшыларды тәнті етіп, адамдардың шынайы құрметіне бөленіп, қазақстандықтарға қоғамды дамытудағы басымдықтарды ондаған жылдарға алдын ала айқындауға мүмкіндік береді.

Әрбір отбасына шын жүректен зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен амандық, егемен мемлекетіміздің одан әрі өркендеуі үшін еңбекте табыс тілейміз!