|
Белгілі қаламгер, драматург, қоғам қайраткері Медеу Сәрсеке 85 жасқа толды Сәрсеке Медеу Сапаұлы Шығыс Қазақстан облысы Абралы ауданының Қайнар ауылында 1936 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген. Орта мектепті алтын медальмен 1953 жылы бітіріп, Алматы қаласындағы Кен-Металлургия институтына инженер-металлург мамандығы бойынша оқуға түседі. Оқуын тәмамдағаннан кейін біраз уақыт «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып еңбек етеді. 1959-64 жылдары Семей цемент зауытында шебер, зауыт диспетчері, техника бөлімінің аға инженері міндетін атқарған. 1964-1965 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі. 1965-1997 жылдары жазушылар Одағының Ертіс өңірі бөлімшесінің хатшысы қызметін атқарған. Медеу Сапаұлы 1962 жылдан бері Қазақстанның жазушылар Одағының мүшесі болып табылады. 1970 ж. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, 2001 ж. «Құрмет» орденімен марапатталды. Сонымен қатар М.Сәрсеке Семей қаласы мен Абралы ауданының «Құрметті азаматы», Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры», «Құрметті кенші» және ҚР Геология комитетінің «Құрметті кен іздеушісі».
|