Ұлы Отан соғысының ардагері Насыр Ахметвалиевич Кенбаевтың туғанына 100 жыл

Ол Павлодар облысы Ермак ауданының №6 ауылында дүниеге келген. 1939 жылдың мамыр айында Кеңес Әскері қатарына Архангельск облысына шақырылды. Ұлы Отан соғысының басталуымен Н.А.Кенбаев атқыштар взводтары командирлерінің кіші лейтенанттарының жеделдетілген курсын бітіріп, Архангельск облысында құрылған және 88-ші атқыштар дивизиясының құрамына кіретін 661-ші атқыштар полкіне пулемет бөлімінің командирі болып жіберілді. Полк құрамында Насыр Ахметвалиевич Карел және Оңтүстік-батыс майдандарындағы ұрыстарға қатысып, Украинадан, Белорусиядан, Балтық жағалауы елдерінен, Польшадан өтіп, Берлинге дейін жетті.

Ұлы Отан соғысы майданында көрсеткен ерлігі үшін Н.А.Кенбаев ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Белоруссияны азат еткені үшін» медальдарымен, Маршал Г.К.Жуков медалімен, мерейтойлық медальдармен және төсбелгілермен марапатталған. Жарма орта мектебінің Жауынгерлік Даңқ музейінде Насыр Ахметвалиевичке және оның Ұлы Отан соғысына қатысуына арналған құжаттар жинақталған. Н.А.Кенбаев Жарма ауданының Құрметті азаматы.

Н.А.Кенбаев Шар қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің төрағасы болып сайланды, аға инспектор болып, 1950 жылдан 1955 жылға дейін Шар кенттік Кеңесінің хатшысы болып жұмыс істеді. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіргеннен кейін Қазақ темір жолы Шар станциясы №23 кешкі орта мектебінің тарих және география пәнінің мұғалімі, Семей станциясы №8 орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды.