2021 жылдың 5 қаңтарында жазушы, ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 105 жыл толып отыр. ҚЗТҚО-ның  ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ.Қадырова "Semei" телеарнасына берген сұхбатында, көрнекті жерлестің жеке қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы айтып берді.

 image-588-764.jpg

Жазушының қорында сақталған бірегей түпнұсқа құжаттары көрсетілді. Әсіресе өз қолымен жазған Әлкей Марғұланның Қайым Мұхамедхановқа 1894 жылы жарық көрген Абай шығармалары жайлы, және Абайдың туыстырына жазған хаттары туралы баяндайтын түпнұсқа хатын оқып берді.

 image-588-765.jpg

Қ.Мұхамедхановтың өмірбаян қолжазбасының көшірмесі, жазушының С.Мұқанов, М.Әуезов және басқа да Қазақстанның көрнекті мәдениет қайраткерлерімен түскен фотосуреттері көрсетілді. Л.Қ. Қадырова Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуына орай ҚЗТҚО-ның мамандары басып  шығарған  "Тау тұлға" кітапшасымен таныстырды.

 image-588-766.jpg

Көрермендер назарына осы атаулы күнге орайластырылған "Қайым Мұхамедхановқа 105 жыл" атты фото-құжаттық көрмесі ұсынылды.

image-588-767.jpg