2021 жылғы 30 қаңтарда «ҚЗТҚО» КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.К.Қадырова №49 орта мектептің 6-сынып оқушылары үшін «Аңыз адам – Ғалым Қайым Мұхамедхановтың туғанына 105 жыл» тақырыбында онлайн-сабақ өткізді.

 image-591-772.peg

Ол Қайым Мұхамедхановтың архивте сақталған жеке қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны жайында әңгімелеп, жазушының С.Мұқановпен, М.Әуезовпен және басқа да Қазақстанның көрнекті мәдениет қайраткерлерімен бірлескен фотосуреттеріне ерекше тоқталды. 1894 жылы жарық көрген Абай шығармалары туралы айтылған Әлкей Марғұланның Қайым Мұхамедхановқа жазған хатының көшірмесі көрсетілді. Оқушылар Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуына орай шығарылған «Тау тұлға» кітапшасымен танысты.

image-591-773.peg 

Онлайн-сабақ оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Олардың тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оған толық жауап алынды.