2021 жылы 3 ақпанда Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ.Қадырова, «Семей» телеарнасы «Сәлем Семей» бағдарламасында тікелей эфирге қатысты.

image-592-775.jpg

Бүгінгі тікелей эфирдің тақырыбы: «Семей қаласының тарихы және ондағы тарихи мекемелер». Л.К.Кадырова архивтің құрылу тарихына тоқталып, еліміздің тәуелсіздік алған жылынан бастап архив саласында жасалып жатқан іс-шаралар және қордағы құнды құжаттар туралы, орталықтың келешектегі дамуы жайлы айтып берді. Телекөрермендер назарына архивте сақталған көне суреттер көрсетілді. Сонымен қатар қорлар, кино-бейне, фото құжаттар, газет қорлары және жеке текті құжаттардың сақталу тәртібі туралы айтылды.

image-592-774.jpg