image-593-777.jpg

2021 жылдың 05 қаңтарында толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің мамандары Семей гарнизоны Әскери сотының, Семей көлік прокуратурасының іс жүргізуге және ведомстволық архивтерге жауапты қызметкерлеріне «Істерді қалыптастыру,  сақтау және қадағалау өндірістерін ведомстволық архивке беру» тақырыбында архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және есепке алу саласындағы практикалық жұмысты жетілдіру бойынша «онлайн» режимде оқыту семинары өткізді.

image-593-776.jpg 

Құжаттардың құндылығын сараптау және оның нәтижелерін ұйым архивінде ресімдеу, ҰАҚ құрамына жатпайтын құжаттарды сақтау мерзімдерін айқындау және сақтау мерзімі өткен құжаттар мен істерді жоюға бөлу мәселелері қаралды.