Іс жүргізу қызметін басқару және құжаттардың сақталуын ұйымдастыру бойынша «онлайн» оқыту семинары

2021 жылы 31 наурызында ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының «ҚЗТҚО» КММ толымдау және ведомствалық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің қызметкерлерімен ШҚО Семей қаласының орта білім беру мектептерінің іс жүргізушілері мен хатшыларына "онлайн" режимінде "Іс жүргізу қызметінің жұмысын ұйымдастыру және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету"тақырыбы бойынша оқыту семинарын өткізілді.

Семинарға ШҚО білім басқармасының "Семей қаласы бойынша білім бөлімі" ММ және 7 орта білім беру мектептері қатысты.

image-604-795.peg

Ведомстволық мұрағаттар мен құжаттаманы толықтыру және инспекциялау бөлімінің басшысы Ж.Б. Оксумбаева мен бөлім мұрағатшысы Л. А. Султанбекова тыңдаушыларды іс жүргізу мен архив ісінің қазіргі заманғы нормативтік-құқықтық базасымен, істер номенклатурасын жасау тәртібімен таныстырды.

Қатысушыларға қойылған сұрақтардың мән-жайы бойынша қажетті түсініктемелер мен жауаптар берілді.

Жұмысты қорытындылау кезінде қатысушылар қарастырылып отырған мәселелердің маңыздылығын атап өтті.

Семинар соңында ҚЗТҚО қызметкерлері қатысушылардың электрондық пошталарына қажетті нормативтік-әдістемелік әдебиеттер жіберді.

image-604-794.jpg