|
2021 жылдың 10 сәуірінде цифрландыру және архивтер басқармасының «ҚЗТҚО» КММ ұжымы Семей қаласының әкімі Н.А.Сақтағановтың қаланы санитарлық тазарту жөніндегі үндеуін қолдап, жалпықалалық сенбілікке шықты. Орталық қызметкерлері гүлзарлар мен көгалдарды өткен жылғы тұрмыстық қоқыстан тазартты. Сенбілік жемісті өтті, ортақ күш-жігердің арқасында ҚЗТҚО айналасы тазарып қалды. Көктемнің жайма-шуақ күні көңіл-күй мен еңбекке деген жігерлікті арттыра түсті.
|