|
Құрметті жерлестер! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! 1 мамыр күні Қазақстандағы ең қайырымды және жарқын мерекелердің бірі Қазақстан халқының бірлігі күнін Атап өтеді. Бұл 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын елде бейбіт өмір сүру үшін қажет достық, түсіністік және келісім мерекесі. 1995 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқының бірлігі күні 1996 жылдан бастап атап өтіледі. Бұдан бұрын 1 мамырда Еңбек күні аталып өтетін. Көктемнің осы тамаша күнінде сіздерге мерекелік көңіл — күй, денсаулық, барлық істеріңізге табыс, туған-туыстарыңызға амандық, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына гүлдену тілейміз!
|