Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері Нуржанова Раиса Нургалиевнаның туғанына 90 жыл толды.

Раиса Нургалиевна Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында дүниеге келген. Фельдшерлік-акушерлік мектепті, содан кейін медициналық институтты бітіріп, 1958 жылы Ақсай аудандық ауруханасына жіберілді. 1963 жылы Раиса Нургалиевна Семей қ. туберкулезге қарсы диспансерінің өкпе бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалды, онда 23 жыл жұмыс істеді.

Р.Н.Нуржанова өзінің дәрігерлік қызметінде аурулардың диагностикасы мен профилактикасының озық әдістерін енгізді. Көп жылғы еңбегі, денсаулық сақтауды дамытудағы зор еңбегі үшін Ленин орденімен және «Орақ пен Балға» алтын медалімен марапатталып, бірнеше рет Одақтық, республикалық және облыстық маңызы бар құрмет грамоталарымен марапатталған.