Құрметті жерлестер! ҚЗТҚО ұжымы Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды!

1992 жылғы 7 мамырда еліміздің Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлттық Қарулы Күштер құру туралы» Жарлыққа қол қойды.

2012 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» Ережені қарады және қабылдады. Осыған сәйкес, 7 мамыр мемлекеттік мереке деп жарияланды.

Қазақстанның айбынды қорғаушылары, Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Еліміз гүлдене берсін және әскері күн сайын күшейе берсін, Қазақстандықтар әрқашан бейбіт аспан астында өмір сүрсін! Сіздерге зор денсаулық және отбасыларыңызға амандық тілейміз!