31 мамыр – Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Сол жылдардағы сұмдық оқиғалар көптеген отбасылардың тағдырын өзгертті, өміріне балта шапты. Осы жылдары зардап шеккен адамдардың көпшілігі тіпті қайтыс болғаннан кейін де әлі ақталмаған. Сол үшін де тарихымыздың осы бөлшегін есте сақтап, ешқашан ұмытпағанымыз маңызды.
Өңірде қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін деректер базасы құрылуда. Егер сіздің жақындарыңыздың немесе таныстарыңыздың арасында ақталмаған зардап шеккендер болса, онда олар туралы мәліметтерді «Электрондық қызмет көрсету орталығы» порталында хабарлауға болады.
Қажетті бөлімге сілтеме профильдің бас жағында берілген.

https://e-vko.gov.kz/kk/Repression

 image-626-826.jpg