31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қадырова Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті қабырғасында өткен «Әлихан Бөкейхан және саяси қуғын-сүргін: жаңа көзқарастар мен тың пайымдаулар» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Бұл шараға университет оқытушылары, магистранттар, докторанттар ғалымдар қатысып түрлі баяндамалар ұсынылды.

Л.Қадырова «Қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш қайраткерлері» тақырыбында архив қорында сақталған құжаттар негізінде баяндама жасады. Дөңгелек үстел барысында 1932-1933 жылдардағы қазақ даласында белең алған ашаршылық, жаппай тәркілеу, күштеп ұжымдастыру сияқты саяси оқиғалар жайлы ойлар талқыға салынды. Архив қорында сақталған құжаттардан бірнеше нақты деректер мысалға келтірілді.

Дөңгелек стол жоғары деңгейде өтті.