31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен атаулы күндер тізіміне енген бұл күн – Қазақ тарихындағы ең қайғылы беттердің бірі. Осы күнге орай, «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ-нің ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Кадырова Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде «Ертіс өңіріндегі саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жаңа әдіснамалық көзқарас» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Л.Қадырова «Қазақтың бай-ауқатты азаматтарының тәркілеуге түскенін айғақтайтын құжаттар жайлы» тақырыбында баяндама жасады.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Семей өңірінде саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың тағдырын анықтау және есімдерін жарыққа шығару. Аталмыш шара барысында ғалымдар тарапынан көкейкесті мәселелер талқыланды.