Құрметті жерлестер! ҚЗТҚО ұжымы Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Астана күнімен құттықтайды!

2019 жылғы 23 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан қаласы деп өзгерту мақсатында Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу туралы Заңға қол қойды.

Нұр-Сұлтанда Астана күні 1998 жылы қала мәртебесін алған сәттен бастап атап өтіледі. Бұрын бұл мереке қалалық деңгейде 10 маусымда атап өтілетін.

2006 жылы қала күні 6 шілдеге ауыстырылды.

2008 жылғы 18 шілдеде Мәжіліс әлеуметтік-мәдени даму комитеті енгізген «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы «Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады, оған сәйкес «Астана күні – 6 шілде» жаңа мемлекеттік мерекесін белгілеу көзделді.

Елорда барша қазақстандықтардың мақтанышына айналды. Баршаңызға денсаулық, табыс және әр отбасына амандық, Қазақстан мен елордамыз – Нұр-Сұлтан гүлдене берсін!