«ҚЗТҚО» КММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша дәріс өткізілді

 «ҚЗТҚО» КММ-де жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлық белгілеріне жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтау бойынша профилактикалық жұмыс жүргізіледі.

 image-632-838.jpg

2021 жылғы 2 шілдеде «ҚЗТҚО» КММ заңгері Ж.Бергенева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде қызметкерлер үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық және жауапкершілік шаралары» тақырыбы бойынша дәріс өткізді.

image-632-837.jpg

Атаулы іс-шараның барысында осы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда қамтылған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың негізгі ұғымдары мен анықтамалары қаралды.

Заңгер «ҚЗТҚО» КММ-нің халыққа қызмет көрсететін қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және тәртіптік жауапкершілікке тартылатының ерекше басып айтты.

 image-632-836.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның тиімділігі мәселелері барлық уақытта және кез келген қоғам үшін өзекті.