Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Семей цемент-шифер комбинатының «Күйдіру» цехының айналмалы пеш машинисі Бейсенбаев Мұратхан Бейсенбайұлының дүниеге келгеніне 95 жыл толды.

Мұратхан Бейсенбайұлы Қайнар орта мектебін бітірген. Қарауыл ауылдық кеңесінің хатшысы, Абыралы ауданы ЛКЖО аудандық комитетінің ұйымдастыру-нұсқау бөлімінің меңгерушісі, Семей қаласындағы «Цемстрой» кәсіпорны жанындағы құрылыс мектебінің тәрбиешісі болып жұмыс істеді. 1958 жылы салынып жатқан Семей цемент зауытында еңбек ете бастады, онда «Күйдіру цехының айналмалы пештерінің машинисі болып 30 жылға жуық жұмыс істеді. Бірнеше рационализаторлық ұсыныстардың авторы.

Мұратхан Бейсенбайұлы өндірістік тапсырмаларды орындаудағы жетістіктері үшін екі Ленин орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Коммунистік еңбек екпіндісі», «9-бесжылдықтың екпіндісі», «Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгілерімен марапатталған.