Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Медеу Сәрсекеевтің құжаттары мемлекеттік сақтауға келіп түсті. Медеу Сәрсекеев – мәскеулік «Молодая гвардия» баспасында «Жизнь замечательных людей» сериясында басылып шыққан алғашқы қазақстандық автор. Осы «Сәтпаев» сериясындағы алғашқы кітап 1980 жылы жарық көрді. Ол көрнекті ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Сәтпаев туралы сыр шертеді. Деректі және көркем Өмірбаян жанрында ол туралы он кітап жазды.

2007 жылы «ЖЗЛ» сериясының екінші басылымы – «Евней Букетов» жарық көрді. Евней Арстанович – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, белгілі ғалым-металлург, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 2011 жылы «ЖЗЛ» сериясының үшінші кітабы – «Бекмаханов» жарық көрді. Ол қазақ совет тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановқа арналған.

2017 жылы «Семей қасіреті» деректі кітабы жарыққа шықты, онда автор Семей ядролық сынақ полигонының белсенді жылдарында орын алған оқиғаларды сипаттайды және ядролық жарылыстардың тұтқынына түскен тұрғындардың тағдыры туралы әңгімелейді.

Медеу Сапайұлы Сәрсекеев қазақ тілінде 43, орыс тілінде 20 басылым шығарды.

М.Сәрсекеев – Қазақстан Республикасы Ленин комсомолы сыйлығының, Мемлекеттік стипендиясының лауреаты. Қазақстан Республикасының мәдениеті мен ғылымына қосқан зор үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ол «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен, III дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісімен марапатталған. Медеу Сапайұлы – Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік техникалық университетінің құрметті профессоры, Павлодар облысы Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, Семей қаласының Құрметті азаматы.