2021 жылдың 29 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы  цифрландыру және архивтер басқармасының  "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" КММ ведомстволық мұрағаттарды жабдықтау және инспекциялау бөлімінің мұрағатшысы Н.В.Яковлева  өлкетанушы және зерттеуші Виктор Николаевич Кашляктың 70 жылдығына арналған тікелей эфирге қатысты.

Бағдарлама барысында, өз өмірін Семей Ертіс өңірінің тарихын зерттеуге арнаған Виктор Николаевичтің шығармашылығы, жеке қоры Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының жеке текті қорлары арасында лайықты орын алатын В.Н.Кашляктың құжаттарын пайдалану, сондай-ақ мұрағат қорларында мемлекеттік сақтаудағы құжаттардың маңыздылығы мен тарихи құндылығы мәселелері талқыланды.