2021 жылғы 02 тамызда ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының «ҚЗТҚО» КММ-да саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырыстарына архивтік дереккөздер мен басқа да материалдарды жинау...

2021 жылғы 02 тамызда ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының «ҚЗТҚО» КММ-да саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырыстарына архивтік дереккөздер мен басқа да материалдарды жинау, зерделеу, қорытындылар әзірлеу бойынша жұртшылықпен және жұмыс топтарымен қорларды кезең-кезеңімен құпиясыздандыру жөніндегі Кіші комиссияның басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлымен кездесу өтті.

Кездесуде жоғарыда аталған жұмыстардың маңыздылығы туралы айтылып, Мемлекеттік комиссияның міндеттерін іске асыруға белсенді қатысу туралы жұмыс топтарының мүшелері жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, проблемалық мәселелер бойынша ұсыныстар енгізді.

Кездесу соңында келген қонаққа «ҚЗТҚО» КММ шығарған кітаптар жинағы табыс етілді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мемлекеттік архивтің жұмысымен танысты.