Құрметті жерлестер! ҚЗТҚО ұжымы Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Конституция күнімен құттықтайды!

Негізгі заң – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың сенімді кепілі, сондай-ақ Қазақстанның жетістіктерінің кепілі. Осы заңның арқасында біз еліміздің тұрақтылығы, келісімі мен әл-ауқаты жолында нық қадам басамыз.

Сіздерге ашық аспан, әр отбасына бақыт пен амандық, болашаққа нық сеніммен қарауды тілейміз.

Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз - Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңырақта құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!