"Қазақстанның болашақ экологиясына Тарихи үлесі"

2021 жылғы 26 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" КММ директоры Б.Т Мусин, ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова ҚР Президенті архивімен ұйымдастырылған "Қазақстанның болашақ экологиясына Тарихи үлесі" атты онлайн-дөңгелек үстелге қатысты.

image-641-852.jpg

Іс-шараны ҚР Президенті Архивінің директоры Д.Ю.Абдукадырова ашты. Бұдан әрі ҚР Ұлттық ядролық орталығының радиациялық қауіпсіздік және экология институтының директорлары А.О.Айдарханов, радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының директоры Т. Ж. Молдағалиев, ҚР Президенті архивінің қор құрушысы мемлекет және қоғам қайраткері А. М. Шәменов, "Невада Семей" антиядролық қозғалысының хатшысы, ардагер Л. Н. Прус сөз сөйледі.

image-641-853.jpg

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.К. Қадырова архив қорында сақталған құжаттар негізінде "Дала трагедиясы архив деректерінде" тақырыбында баяндама жасады. Дөңгелек үстел барысында архив қорларында сақталған Семей ядролық сынақ полигонының тарихымен байланысты оқиғалар талқыланды.

image-641-854.jpg