30 жыл бұрын Семей ядролық сынақ полигоны жабылды

 

image-642-855.jpg

30 жыл бұрын Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Ол Семейден солтүстік-батысқа қарай 130 шақырым жерде, Ертіс өзенінің сол жағалауында және үш облыстың: Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан), Павлодар және Қарағанды облыстарының жерлерін қамтыды. Пайдалы қазбаларға бай 18500 шаршы шақырым құнарлы жер полигонға берілді.

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық қарудың алғашқы сынағы 1949 жылғы 29 тамызда өткізілді. Жарылыс жерден 30 метр биіктікте болды, оның қуаты 20 килотонды құрады. Оның салдары бойынша оны Хиросима мен Нагасакидегі ядролық бомбалардың жарылыстарымен салыстыруға болады.

1991 жылғы 29 тамызда Семей жерінде ядролық жарылыстарды тоқтату үшін қызу күрес табыспен аяқталды-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы №409 Жарлыққа қол қойды.

Семей қаласы "Мэрлер бейбітшілік үшін"халықаралық ұйымының құрамына кіреді. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 29 тамыз күнін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады.

Осы аталмыш шараға орай «ҚЗТҚО» КММ ғимаратында фото құжаттық көрме ұйымдастырылды.