2021 жылы 27 тамызда Көрнекті қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Ә.Бөкейхановтың 155 жыл толуына орай Әлихан Бөкейхан университетінде «Әлихан Бөкейхан тұлғасы отандық ғылым контексінде: жаңа пәнаралық зерттеулер мен ізденістер» ғылыми – практикалық конференциясы өтті. Сонымен қатар Әлихан Бөкейханның есімі университетке  берілгені, ресми түрде жарияланды.

image-643-856.jpg

Бұл шараға "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" КММ қорында сақталған, Алаш орда үкіметіне қатысты түпнұсқа құжаттардан тұратын көшпелі көрме ұйымдастырылды. Көрмені ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова жиылған қауымға таныстырды.  

image-643-857.jpg

Іс-шараны Әлихан Бөкейхан университетінің ректоры, саяси ғылымдардың докторы, профессоры Ш.А.Құрманбаева ашты. Бұдан әрі ресми құттықтауларымен Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, әдебиет танушы ғалым А.С.Еспенбетов, Шәкәрім атындағы университеттің ректоры Абайтанушы ғалым Б.А.Ердембеков т.б сөз сөйледі.

image-643-859.jpg

Ғылыми-практикалық конференцияға саяси-ғалымдар, профессор, магистранттар, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері БАҚ қатысты. Өткізілген конференция қазіргі ғылымның өзекті мәселелеріне зерттеушілердің зор ғылыми қызығушылығын көрсетті.

image-643-859.jpg