Архившілер  алтын күзді қарсы алды

"ҚЗТҚО" КММ ұжымында көптеген жақсы дәстүрлер жалғасын табуда. Солардың бірі-денсаулық күні. Денсаулық кепілі дене шынықтыру болып табылады, бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаев 01.09.2021 жылы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті.

image-645-862.peg2021 жылдың 18 қыркүегінде "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" КММ басшылығы кәсіподақ комитетімен бірлесіп "Алтын күз" атты денсаулық күнін ұйымдастырды.

ҚЗТҚО қызметкерлері волейбол ойнап, белтемірге тартылып, түрлі ойындар ойнады.

image-645-863.peg

Спорттық іс-шаралардың басты мақсаты – ҚЗТҚО қызметкерлерінің үнемі спортпен шұғылдануға қызығушылығын арттыру, бұл ұжымдағы денсаулық пен моральдық ахуалды жақсартуға әкеледі.

image-645-86.peg

Денсаулық күні қызықты өтті. Бұл күн барлығына сергектік, жақсы көңіл-күй сыйлады және жарқын әсер қалдырды!