"Жастар ресурстық орталықтары қызметінің тиімділігін арттыру: стандарт және қызметті бағалау жүйесі"

2021 жылдың 23 қыркүйегінде ведомстволық мұрағаттар мен құжаттаманы толықтыру және инспекциялау бөлімінің басшысы Ж.Б. Оксумбаева мен бөлім мұрағатшысы Л. А. Султанбекова Шығыс Қазақстан облысының жастар ресурстық орталықтары мамандарына арналған "Жастар ресурстық орталықтары қызметінің тиімділігін арттыру: стандарт және қызметті бағалау жүйесі" тақырыбында семинар-тренингке қатысты.

 image-646-865.jpg

Семинар-тренинг аясында облыстың қалалары мен аудандарының жастар ресурстық орталықтарының құжат айналымын жүргізу бойынша мамандарды оқыту өткізілді.

image-646-866.jpg

Тыңдаушылар қазіргі заманғы іс жүргізу және мұрағат ісінің нормативтік-құқықтық базасымен, істер номенклатурасын жасау тәртібімен танысты.

Қатысушыларға қойылған сұрақтардың мән-жайы бойынша қажетті түсініктемелер мен жауаптар берілді.

 image-646-867.jpg

Семинар соңында ҚЗТҚО қызметкерлері тыңдаушылардың электрондық пошталарына қажетті нормативтік-әдістемелік әдебиеттер жіберді.