2021 жылғы 28 қыркүйекте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ «ШҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Семей қаласының №3 бөлімі инспекторлары үшін «ҚЗТҚО» КММ архившілері З.Есергепова мен А.Мукатова онлайн-семинар өткізді.

Семинар барысында «ҚЗТҚО»КММ қызметкерлері ХҚКО  мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ  филиалының мамандарын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен таныстырды.

Семинар тыңдаушылары «ҚЗТҚО» КММ-де сақталатын жеке құрам бойынша құжаттардың ерекшеліктерімен, ҚР мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік құжаттардың көшірмелерін апостильдеу, ЭҮП арқылы келіп түскен сұраныстармен таныстырды. Семинар барысында мемлекеттік қызмет көрсету,  мемлекеттік қызметті алуға тілек білдірген азаматтардың өтініштерін дұрыс толтыру,  сұранысқа құжаттардың көшірмелерін бекіту, ұйымдардың нақты атауын, сонымен қатар жұмыстың нақты кезеңдерін, елді-мекендердің атауын, тұрған жылын, отбасы басшысын көрсету мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, электрондық үкімет порталы арқылы және бір реттік пароль арқылы мемлекеттік қызметтің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету, бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Интернет арқылы мемлекеттік қызметтерді жеңілдету азаматтар үшін жауап алу рәсімін барынша ыңғайлы етеді, уақытты үнемдейді, әкімшілік кедергілерді еңсеруге және компьютерлік сауаттылықты арттыруға қызмет етеді.

«ҚЗТҚО» КММ осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және жетілдірілуде, халық мемлекеттік қызметтерді алудағы жаңалықтарды тез игеруде. Сонымен қатар, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.