"Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" КММ  әкімшілігі мен ұжымы  "Ардагерлер ұйымы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Семей қалалық филиалының үндеуін қолдап, архив ісі ардагерлерін "Қарттар күні" мерекесімен құттықтады.

ҚЗТҚО кәсіподақ ұйымы көп жылғы жұмысы үшін әріптестеріне алғыс айтып, архив ісін дамытудағы сіңірген еңбегін атап өтіп, денсаулық тілеп және тәтті сыйлықтар табыс етті.

Ардагерлер ұжымға алғыстарын білдіріп, жас архившілерге еңбектеріне табыс тіледі.