07 қазан  2021 жылы  Қазақстан кәсіподақтары күніне орай "Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігі Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 100 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өткізді. Іс-шараға облыстың мәдениет, спорт және архивтер мекемелері мен ұйымдарының өкілдері қатысты.

"Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы" ҚБ төрағасы Т.Т. Түсіпбеков жиналғандарды ҚР Кәсіптік одақтар күнімен құттықтап, 2013 жылдан бастап оның басшысы болып табылатын "ҚЗТҚО" КММ кәсіподақ комитетінің төрайымы Лаура Қабдылғазықызы Қадыроваға "Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақ комитетіне 100 жыл" төс белгісімен марапаттады.